Елордада жастарға берілетін жалдамалы баспана алуға 5 мыңнан астам өтінім түскен
Бағдарлама аясында жұмыс істейтін жастарға 770 пәтер бөлінеді.
12 қарашада Астанада жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау жұмысы аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Qatysu.zhilfond.kz порталына елорда тұрғындарынан бас-аяғы 5 623 өтінім түсті. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы аясында жұмыс істейтін жастарға 770 пәтер бөлінеді.
Азаматтардың өтінімдерінің статусы туралы ақпарат өтінім беру кезінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі.
Қорытынды zhilfond.kz сайтында жарияланады.