Жаңалықтар

«Eolus» қаржы пирамидасының басшыларына қатысты тергеу басталды

vera.kz

Тартылған азаматтардың жалпы саны кемінде 3 000 адам.

Қазақстанның 10 өңірінде «Eolus» компаниясының атымен қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Істер Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тіркелді.

«Eolus» компаниясының шын мәнінде жұмыс істейтінің дәлелі ретінде, ұйымдастырушылар «ENERGY EOLUS QAZAQSTAN» ЖШС бір азаматтың атына тіркеу арқылы оны өздерінің қылмыстық іс-әрекетіне тартқан.  Салымшылар қаражатты инвестициялау кезінде ақшаны алу үшін қажетті соманы жинақтай отырып, күн сайын 2,5-тен 3,5%-ға дейін пайда алады.  Жаңа пайдаланушы тартылған кезде салым сомасының 10% мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақы, сондай-ақ жаңа пайдаланушының жыл ішіндегі күнделікті табысының 4%-ы төленеді. Осылайша, сыйақы сомасы жылдық 3000%, ал Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі жылдық 16% көрсетуде.  Қазақстандағы өкіл ақша қаражатын екінші деңгейдегі банктегі өз шотына қабылдайды, содан кейін криптобиржаға аударып, айырбастауды жүргізеді. Соңында криптошелек арқылы «energyeolus.top». платформасындағы өз шотына аударады  Тартылған азаматтардың жалпы саны кемінде 3 000 адам, оның ішінде 1 773 салымшы 259 млн теңге сомаға мүліктік зиян келтірілгені жайлы өтініш берген.