Қоғам

Қайрат Әділгерей бағасы 150 млн теңге болатын пәтерін көрсетті (ВИДЕО)

instagram/kairat_adilgerey

Ол құрылысы аяқталған төрт бөлмелі пәтерінің видеосымен бөлісті.

Актер, әзілкеш Қайрат Әділгерей биыл сәуір айында төрт бөлмелі пәтер алғанын айтқан болатын. Өнер иесі көпшілікке құрылысы аяқталған үйін көрсетті.

Біздің жаңа қонысымыз. Бұл үйімізде ойымыздағы көп идеяны жүзеге асырдық. Жылы, атмосферасы жайлы, сапасы мен көркемділігі үйлескен жоба боп шықты. Баршаңызға жұғысты болсын, - деп жазды Қайрат Әділгерей Instagram парақшасында.

Ал тележүргізуші Анна Данченконың TikTok желісіндегі ақпаратқа сүйенсек, әзілкеш үйін 150 млн теңгеге салған.