Жастарға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау басталды

28 қазан, 2023 / Ақмарал Берекет
Ашық дереккөз
Құжаттарды қабылдау 6 қарашада сағат 9:00-ден 12 қараша сағат 23:59-ға дейін жалғасады.

Астана қаласының Тұрғын үй орталығы "Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдаунатынын мәлім етті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Құжаттарды қабылдау 6 қарашада сағат 9:00-ден 12 қараша сағат 23:59-ға дейін жалғасады.

Барлығы 770 пәтер бөлу жоспарланып отыр. Баспана ұзарту құқығынсыз 3 жылға беріледі. Ай сайынғы жалдау ақысы 5 000 – 15 000 теңге.

Құжаттарды қабылдау тек QATYSU.ZHILFOND.KZ порталы арқылы электронды түрде жүргізіледі.

Шарттары:

Бірінші кезекте ЭЦҚ кілтін алу қажет, ал тізбе бойынша анықтамалар барлығы өтінім беру сәтінде күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей алынуы тиіс.

Өтініміңіздің статусы туралы ақпаратты qatysu.zhilfond.kz порталындағы жеке кабинетіңіз арқылы телефоныңызға SMS хабарлама келгеннен кейін таныса аласыз.

Жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарламаға қатысты барлық сұрақ бойынша 109 колл-орталығына (Ұялы телефоннан тегін), 8-776-198-29-70 (WhatsApp) нөмірі бойынша немесе Астана қаласы, Республика даңғылы, 32 мекенжайы бойынша хабарласыңыз.

Тэгтер:

Астана пәтер Тұрғын үй жастар бағдарлама Жалға алу