Спорт

Ақмарал Науатбек жеңісін Қазақстан халқына арнады

Фото: gov.kz

Пара дзюдодан J2 cанаты бойынша 48 келі салмақта өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарының алтын жүлдесін алды.

IV Азия Пара ойындарының чемпионы атанған Ақмарал Науатбек жеңісін Қазақстан халқына арнап, келе жатқан Республика күнімен құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Бізді қолдап, әрдайым жылы сөздер айтқандарыңыз үшін рақмет! Бүгін Ханжоу қаласында Азия Пара ойындарында алтын медальге қол жеткіздім. Негізі, әр белдесуім қиынға соқты. Әсіресе, ақтық сынды айтқым келеді. Өйткені қарсыласым қытайлық дюздошы болды. Белдесуім қиын өтті, бірақ соңында жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын және осы жеңісімді барша қазақ халқына арнаймын. Келе жатқан Республика күні құтты болсын!» - деді Ақмарал Науатбек.

Айта кетейік, бүгін пара дзюдодан J2 cанаты бойынша 48 келі салмақта өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарының алтын жүлдесін алды.