Әлішер Сүлейменов әлемдегі ең үздік шахматшыны жеңіп, сенсация жасады

13 қазан, 2023 / Эльмира Ағабек
Фото: vesti.kz
FIDE дүниежүзілік рейтингінде Сүлейменов 528-орында, ал Карлсен бірінші орында тұр.

23 жастағы Әлішер Сүлейменов әлемнің ең үздік шахматшысы Магнус Карлсенді жеңіп, сенсация жасады, деп хабарлады  turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Әлішер Сүлейменов Дохада өтіп жатқан Qatar Masters Open турнирінің екінші кезеңінде Магнус Карлсенді ұтты.

FIDE дүниежүзілік рейтингінде Сүлейменов 528-орында, ал Карлсен бірінші орында тұр.

Сүлейменов Павлодарда туып-өскен, былтыр Шахмат олимпиадасында ұлттық құрама сапында өнер көрсетті.

Тэгтер:

шахмат Әлішер Сүлейменов Магнус Карлсен