Қарағанды облысында бір ауыл карантинге жабылды

12 қазан, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөз
Қарағанды облысының Ахмет ауылы карантинге жабылды.

Елді-мекенде 223 қанатты жаппай қырылған. Сараптама олардың «Ньюкасла» деп аталатын вирустан өлгенін көрсетті. 

Індет қыркүйекте келген. Мамандардың айтуынша, вируспен тек тауық пен үндіктер ауырады. Аурудың адамға еш зияны жоқ.

Тэгтер:

Ауыл Қарағанды облысы карантин