Жаңалықтар

«Арасында жанжалдасып тұрамыз»: Актер Жан Байжанбаев алғаш рет әйелін көрсетті (ФОТО)

ашық дереккөз

Өнер иесі көпшілікті мазалап жүрген сауалға жауап берді

Белгілі актер Жан Байжанбаев әлеуметтік желідегі парақшасында алғаш рет әйелі жайлы әсерлі жазба қалдырып, туған күнімен құттықтаған.

«Көпшілік менен әйелімнің суретін неге жарияламайтынымды сұрайды. Бүгін әйелімнің туған күні болғандықтан, сурет жариялап отырмын. Есімі - Гүлнәр. Суретін жариялағанымды білсе, қатты ашуланатын болды. Себебі көпшілік алдына шыққанды ұнатпайды. Әйеліме бірнеше мәрте киноға түсуге ұсыныс түсті, бірақ ол ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартқан. Ол мансапқұмарлықтан ада, тіпті менімен бірге фильм премьерларына, фестивальдерге де бармайды. Өмірімде әйелімнен асқан әдепті, адал жан кездестірген емеспін. Жұбайым өсек, қызғаныш, екіжүзділік, сараңдық, тәкаппарлық деген жағымсыз қасиеттерден аулақ. Ол өзіне біреудің аянышпен қарағанын жек көреді. Сондай әңгімешіл, әзілқой адам. Онымен танысқан жандар әйеліммен әңгіме айтып, дос болғысы келеді. Бірақ ол үшін ең жақын құрбылары – туған қыздары. Менің туыстарым, отбасылық достарымыз бен күйеу балаларымыз оны өте қатты жақсы көреді, сыйлайды. Өйткені ол ешкімді әурелегісі келмейді.

Арасында біз де жанжалдасып тұрамыз. Менімен бірге азық-түлік алуға базарға барғысы келмейді. Мұндай шаруалармен өзі айналысқанды жақсы көреді. Шағын тұрмыстық техникаларды өзі жөндей береді. Оған қоса, тігумен, тоқумен айналысады және дәмді тағамдар әзірлейді. Тоқыған қуыршақтарын әжептәуір қаражатқа сатуға болады. Бірақ ол ешқашан сатып көрмеген. Өте батыл. Гүл шоқтарын да әйеліме сирек сыйлаймын. Мұныма өкінемін, бүгін сыйлаймын. Бір көлікпен жүргеніне 12 жыл болды, ауыстырғысы жоқ. Достарын да ауыстырмайды, сатпайды. Дүкен аралағанды ұнатпайды, бренд заттарға құнықпайды. «Жаным, махаббатым, сүйіктім, қымбаттым” деп атағанды жек көреді, мұндай сөздер оның сөздік қорында мүлдем жоқ. Махаббатын сөзбен емес, іспен көрсететін жан. Біз тіпті әлеуметтік желіде бір-бірімізді оқымаймыз. Туған күніңмен, жаным» деп  жазды.