«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясындағы былықтардың беті ашылды
Қайтыс болған адамға 7 жыл ақша аударылғаны анықталды.
ҚР Бас көлік прокуратурасы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» серіктестігі филиалдарындағы заңға қайшы әрекеттерді әшкереледі, деп хабарлады Turkystan.kz.
Ұлттық компанияның Ақмола филиалынан зейнетке шығып, кейін өмірден озған адамға 7 жыл бойы ақшалай қаражат жолданған. Ал Қарағандыда кадр бөлімінің басшысы темір жолда ешқашан жұмыс істемеген туыстарын зейнеткер ретінде көрсетіп, оларға 1,1 млн теңге көлемінде өтемақы мен сыйақы тағайындаған.
Айта кетейік, ҚТЖ ұжымдық шартына сәйкес, көлік қызметкерлері күнінде қызметкерлерге 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір реттік материалдық көмек алу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл көмек жұмыс берушінің тізіміндегі зейнеткерлерге де беріледі.