Спорт

Азия ойындары: шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлде алды

Ашық дереккөз

Кезекті жүлде ел қоржынында.

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде еншіледі, деп хабарлады turkystan.kz.

Құрама сапында Жансая Әбдумәлік, Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрманова, Меруерт Камалиденова және Динара Сәдуақасова болды.

Ұлттық құрама 9-турда Өзбекстанды 3:1 есебімен жеңіп, 3-орынды иеленді.

Алғашқы орын Қытайда, ал екінші орын Үндістанға бұйырды.