Жаңалықтар

Петропавл тұрғыны асырап алған баласын қайта өткізіп, пәтерін жалға берген

aikyn.kz

Петропавл тұрғыны баланы мемлекетке қайтарып, ал оның пәтерін заңсыз жалға беріп жүрген.

Петропавл тұрғыны өз қамқорлығына алған жетім баланың құқығын бұзып келгені анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары балалар үйінде заңнаманы сақтау сұрақтарына талдау жүргізу барысында қамқоршының құқықтарын қасақана пайдалану арқылы, кәмелетке толмағанның құқықтарын дөрекі бұзушылықты анықтады.

«Петропавл қаласының әкімдігімен бекітілген қамқоршы өзінің құқықтарын асыра пайдалана  және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің талаптарын бұза отыра, қамқоршылық органының рұқсатынсыз, ұзақ уақыт бойы жетім баланың пәтерін заңсыз  жалға беріп келген», - делінген хабарламада.

Алайда, ол өзінің заңсыз әрекетін баланы балалар үйіне қайтарғаннан кейін де жалғастыра берген.

«Анықталған бұзушылықтар бойынша қадағалау органымен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және сәйкес шараларды қабылдау туралы сұрақты қоя отыра заңбұзушылықты жою туралы ұсыну енгізілді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта  балаға келтірілген шығынды анықтау шеңберінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Іс облыс прокуратурасының бақылауында.