Жаңалықтар

Дәрі ішіп, өзіне қол жұмсамақ болған оқушының жағдайы белгілі болды

Дәрі ішіп, өзіне қол жұмсамақ болған оқушының жағдайы белгілі болды

Алматы облысында аспирин ішіп, өзіне қол салмақ болған оқушының жағдайы белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz. Аталған жағдайға қатысты Алматы облыстық білім басқармасы мәлімдеме жасады. Іске қатысты арнайы жұмыс тобы құрылған. Ведомство өкілдері қазір оқушының жағдайы бірқалыпты екенін айтты. Олар тиісті талдау жасап, зерттеу жүргізеді. Сонымен қоса барлық мектепте профилактикалық жұмыс қолға алынған.

Ведомство өкілдері қазіргі таңда оқушының жағдайы бірқалыпты екенін айтты.

Бұған дейін Алматы іргесіндегі ауылдардың бірінде 4-сынып оқушысы басқа балалардың қысымынан кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын жазған едік.