Ресейлік 2 азамат Scat ұшағында темекі шеккен

Ресейлік 2 азамат Scat ұшағында темекі шеккен

Ресейлік 2 азамат Scat ұшағында темекі шеккен
ашық дереккөзі

Ресей Федерациясының екі азаматы масаң күйде ұшақта темекі шеккен деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Мәскеу-Астана бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін елорда әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне Scat әуекомпаниясы өкілінің актісі бойынша екі жолаушы берілді. Өтініш берушінің айтуынша, ер адамдар әуе кемесінің бортында ұшу кезінде электронды темекі шеккен және Scat  бортсеріктерінің ескертулеріне құлақ аспаған. Көлік полицейлері тексеру кезінде масаң күйіндегі 36 және 46 жастағы Ресей Федерациясының екі азаматын анықтады. Медициналық куәландырудың нәтижесі бойынша құқық бұзушылар “жеңіл дәрежедегі” алкогольдік масаң күйінде болған. Шетел азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі, 441-баптың 1-2-бөлігі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 55 айлық есептік көрсеткіш (189 750 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Естеріңізге сала кетейік, биыл еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар жасағаны үшін 21 679 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келген – 2292, әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін 79 адам жазаланды.