Жаңалықтар

Әзербайжан боксшысы да Жалоловпен жұдырықтасудан бас тартты

ашық дереккөзі

Әзербайжан боксшысы да Жалоловпен жұдырықтасудан бас тартты

Страндж кубогының жартылай финалына шыққан Әзербайжан боксшысы Мухаммад Абдуллаев та өзбекстандық Баходир Жалоловпен кездесуден бас тартты. Нәтижесінде Жалолов жекпе-жексіз финалға шықты деп жазады turkystan.kz. «Бізге мынадай бір жігітті табу керек. Қазақ даласынан табылмауы мүмкін емес. Жерлесіміз Қамшыбек Қоңқабаевтан кейін әзербайжандық Мухаммад Абдуллаев та онымен кездесуден бас тартты. Сөйтіп өзбек батыры жекпе-жексіз финалдан бір-ақ шығып отыр. Масқара ма?! Жақсылап іздеп, жүйелі жаттықтырса, бізде де осындай небір боксшылар пайда болар еді. Мейлі, 10 жыл күтейік, 15 жыл күтейік. Бірақ жасау керек. Бокстың басындағы бірлі-жарым мансапқа таласып, өзара қырқыса бермей, нақты нелер нетілсе екен...» – деп жазды журналист Аслан Қаженов. Бұған дейін қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен өзбекстандық Баходир Жалолов арасындағы жекпе-жек өтпейтінін хабарлаған болатынбыз.