Қамшыбек Қоңқабаев өзбек боксшысымен жекпе-жектен бас тартты

Қамшыбек Қоңқабаев өзбек боксшысымен жекпе-жектен бас тартты

Қамшыбек Қоңқабаев өзбек боксшысымен жекпе-жектен бас тартты
ашық дереккөзі
Болгарияның София қаласында өтіп жатқан "Страндж" халықаралық турнирінде қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен өзбекстандық Баходир Джалолов арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды деп хабарлады turkystan.kz. Өзбекстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәліметінше, Қоңқабаев бұл жекпе-жекке қатысудан бас тартты. Қазақстандық боксшының не себепті мұндай шешім қабылдағаны нақтыланған жоқ. Осылайша Джалолов автоматты түрде жартылай финалға жолдама алды. Коңқабаев пен Джалоловтың кездесуі бүгін ширек финал аясында өтуі тиіс еді.