Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы табылды

Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы табылды

Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы табылды
ашық дереккөзі

Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы мүшелері аман-есен табылды деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.

Республикалық жедел-құтқару жасағы тобы мен Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағы бірігіп Бартоғай су қоймасы жағынан Фесенков атындағы Астрофизика институтының обсерваториясына жетпей 40-қа жуық автокөлік табылды. Адамдардың саны анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ. Жоғалып кеткен 7 адамнан тұратын отбасы да сол жерде екен. Көбісінің көлігінде жанармай таусылып қалған. Қазіргі уақытта құтқарушылардың күшімен автокөліктерге жанармай құю және адамдарды машиналарымен колонна арқылы эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде, –  делінген хабарламада.
Бүгін таңертең Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөлімі пультіне бір отбасының жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен болатын.