Билікті басып алуды насихаттаған Астана тұрғыны 15 жылға сотталды

Билікті басып алуды насихаттаған Астана тұрғыны 15 жылға сотталды

Билікті басып алуды насихаттаған Астана тұрғыны 15 жылға сотталды
ашық дереккөзі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті елорда тұрғыны Ш.-ға қатысты сот шешімі заңды күшіне енгенін мәлім етті. Іс Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында қаралды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Сот оның терроризм актісіне дайындалу, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды даярлау, сонымен қатар терроризмді, билікті басып алу және ұстап тұру, Қазақстанның конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау фактілері бойынша кінәсін дәлелдеді. Айыпты 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.