Ақтөбеде балалар мінген көлік жол апатына ұшырады

Ақтөбеде балалар мінген көлік жол апатына ұшырады

Ақтөбеде  балалар мінген көлік жол апатына ұшырады
ашық дереккөзі

Ақтөбеде жаттықтырушы мен балалар мінген көлік жол апатына ұшырады деп хабарлады turkystan.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап. 2022 жылғы 17 желтоқсанда Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолында Темір ауданының 32 жастағы тұрғыны басқарған Toyota Estima автокөлігі аударылды. Автокөлік ішінде 11 адам, оның ішінде 2010-2011 жылдары туған 9 бала болды. Олар Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбе қаласына волейболдан жарысқа қатысу үшін шыққан. Апат салдарынан бір бала жол-көлік оқиғасы болған жерде көз жұмды, қалған 8 бала Ақтөбе қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Құрметті азаматтар! Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығына сәйкес, балаларды тасымалдау кезінде полиция қызметкерлерінің ілесіп жүруі үшін белгіленген мерзімге дейін 3 тәулік бұрын сұраныс ұсынылуы қажет, - деді Ақтөбе облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Айдос Құлжанов.