Бокстан Азия чемпионатының финалына кімдер шыққаны белгілі болды

Әйелдер арасында 22 жасқа дейінгілер арасында финалға шыққан спортшылар бойынша 1-орында 10 спортшысымен тағы да Қазақстан тұр

Бокстан Азия чемпионатының финалына кімдер шыққаны белгілі болды
Kokeshi75

Астанада 22 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан жастар арасындағы 2024 жылғы Азия чемпионатының финалистері анықталды, деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның ерлер құрамасы бұл жас санатында жоғары нәтиже көрсетті. Құрлықтық біріншіліктің финалында Қазақстан атынан 13 спортшы өнер көрсетеді. Екінші орында 5 спортшысымен Өзбекстан тұр. Үшінші орынға 4 спортшысымен Үндістан табан тіресе, одан әрі бір боксшыдан ғана қалған Моңғолия, Тәжікстан, Ауғанстан және Қытай боксшылары тұр.

Әйелдер арасында 22 жасқа дейінгілер арасында финалға шыққан спортшылар бойынша 1-орында 10 спортшысымен тағы да Қазақстан тұр. Екінші орынға 8 спортшысымен Үндістан тұрақтады. Өзбекстаннан ақтық сында 5 қыз өнер көрсететін болса, Қытайда 1 ғана спортшы бар.