Абай облысы Жарма ауданында 15 жастағы екі оқушы асылып қалды. Оның біреуі құтқарылғанымен, екіншісі көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz. Қайғылы оқиға Абай облысы Жарма ауданы Үшбиік ауылында болған. Суицидке барған 9 сынып оқушылары. Олардың біреуі құтқарылғанымен, екіншісі көз жұмды. Облыстық Полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу басталғанын хабарлады. «Жарма аудандық полиция бөлімімен аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы 3-бөлігіне (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамасы тағайындалды. Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге мәліметтер және сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді», - делінген ақпаратта. Ведомство мәліметінше, тергеу барысы облыс департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Жүктелуде...