Мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасына көмір таратылды (ФОТО)

Мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасына көмір таратылды (ФОТО)

Мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасына көмір таратылды (ФОТО)
ашық дереккөзі

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының қолдауымен республикалық «Иман» журналының 20 жылдығы аясында елордадағы 20 отбасыға көмір таратылды деп хабарлады turkystan.kz.  width= 3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күні. Осыған орай қайырымдылық шарасына негізінен мүмкіндігі шектеулі жандары бар отбасылар қамтылды. 20 отбасының әрқайсысына 10 қап, яғни жарты тонна көмір таратылды. Сондай-ақ жанұяларға азық-түліктер жеткізілді.  width= Қайырымдылық шарасына БАҚ өкілдері, атап айтқанда республикалық «Егемен Қазақстан», «Айқын» газеттерінің тілшілері, сондай-ақ Діни басқарманың «Мұнара», «Иман» басылымдарының қызметкерлері мен авторлары қатысты.  width=