Жаңалықтар

Тоқаев өрт сөндірушілерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

ашық дереккөзі

Тоқаев өрт сөндірушілерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Астанадағы көпқабатты үйде болған өрт кезінде ерлік көрсеткен және бірнеше адамның өмірін құтқарған елордалық өрт сөндірушілерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды деп хабаралады turkystan.kz. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді. Қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Забикулин I дәрежелі «Айбын» орденімен, Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Аян Кемпіров III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Забикулин Асқар Серікұлы – азаматтық қорғаныс капитаны 1988 жылы 5 мамырда Қостанай қаласында туған. Қарағанды политехникалық колледжін сарапшы-механик мамандығы бойынша тәмамдаған. Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі қызметіне 2021 жылы тағайындалған. Осыған дейін Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 3 адамның ауруханаға түскенін жаздық. Сондай-ақ Астанада 3 адамды құтқарған өрт сөндіруші 80% күйікпен жансақтау бөлімінде жатқаны туралы хабарланды. Осы уақытта зардап шеккен өрт сөндірушілерге қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр.