Астанада өрттен үш адамды құтқарған өрт сөндіруші комаға түсті (ВИДЕО)

Астанада өрттен үш адамды құтқарған өрт сөндіруші комаға түсті (ВИДЕО)

Астанада өрттен үш адамды құтқарған өрт сөндіруші комаға түсті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Астанада көпқабатты үй өртенді. Өртті сөндірген 2 өрт сөндірушіні күйік шалды деп хабарлады turkystan.kz. AstanaTV-ның мәліметінше, оларды шұғыл ауруханаға жеткізген. Біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға кеше сағат 11-лер шамасында Бауыржан Момышұлы даңғылында болды. Үйдің ауласында тұрған автокөліктер өртті ауыздықтауға кедергі келтірген.
«Өрт орнынан 5 адам құтқарылды. Оның екеуі бала. 10 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 5 адам ауруханаға жеткізілді. Түтінге уланған бір бала жіберілді. Екі адам медициналық көмектен бас тартты. Екі өрт сөндіруші зардап шекті. Олардың  денесін күйік шалды. Қазір біреуі жансақтау бөлімінде, біреуі ауруханада жатыр», – деді Астана қаласының ТЖД өртке қарсы күрес қызметінің баспасөз хатшысы Аягөз Фазылова.