Вьетнамдағы қаланы топан су басты (ВИДЕО)

Вьетнамдағы қаланы топан су басты (ВИДЕО)

Вьетнамдағы қаланы топан су басты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Вьетнамның Дананг шаһарында жаңбыр жауып, арты тасқынға ұласты деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Жауынның күштілігі сонша жолдарды шайып кеткен. Көлік қозғалысы тежелді. Жергілікті тұрғындар мұндайды кейінгі 30 жылда көрмегендерін айтады. Кей аудандарда жиналған су белуардан келеді. Қауіп төнген үйлерден халықты эвакуациялау басталды. Халықаралық агенттіктердің деректеріне сүйенсек, көрші қалаларды да су басады деген қауіп бар.