«AMANAT» партиясы жанынан Мұнай-газ саласы комитеті құрылды

«AMANAT» партиясы жанынан Мұнай-газ саласы комитеті құрылды

«AMANAT» партиясы жанынан Мұнай-газ саласы комитеті құрылды
ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында Мұнай-газ саласы комитетінің алғашқы ұйымдастыру отырысы өтті. Жиында оның құрамы мен ережесі бекітілді деп хабарлады turkystan.kz. Жиында Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ғалым Әміреев комитет төрағасы болып сайланды. Сала мамандарының пікірін ескере отырып, комитет құрамына Энергетика, Идустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілдері және KazService, KazEnergy қауымдастықтары, тәуелсіз сарапшылар кірді. Отырыста мұнай саласындағы өндірілетін өнімдердің жалпы каталогын енгізу, жергілікті газды өндіру, мамандар тапшылығы, қызмет көрсету мәселесі, мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпкерлер арасындағы тығыз қарым-қатынас орнату проблемалары айтылды. Комитет төрағасының хатшысы болып тағайындалған Ғибрат Сарсенов комитеттің міндеті мен функцияларына тоқталып өтті.

«Комитеттің негізгі міндеттеріне мұнай-газ саласындағы проблемаларды анықтау, негізгі стратегиялық бағыттары бойынша бірыңғай ұстанымды қалыптастыру, халықаралық ұйымдармен және бірлестіктерімен ынтымақтастықты нығайту және дамыту. Басты функциясы сала өкілдерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, саладағы қатынастарды реттейтін заң және өзге құқықтық  актілердің жобаларын әзірлеу», - деді Сарсенов.
Партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев атап өткендей, жиында мүдделі мемлекеттік органдардың, өңірлік кәсіпорындардың, сарапшылар қауымдастығы мен бизнес өкілдерінің қатысуымен мұнай-газ мәселелері тұрақты түрде талқыланатын болады.