Жаңалықтар

Қостанай облыстық сотының судьясы қамауға алынды

ашық дереккөзі

Қостанай облыстық сотының судьясы қамауға алынды

Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен Қостанай облыстық соты сот алқасының төрағасы екі айға қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz. «Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 9 қыркүйектегі қаулысымен Қостанай облыстық сотының сот алқасының төрағасы А.Х.Дарбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», - делінген Нұр-Сұлтан қаласы сотының хабарламасында. Еске салсақ, Жоғарғы сот 17 тамыз күні ҰҚК мен Жоғарғы Соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімінің өзара іс-қимылы нәтижесінде Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемдегі параны алу кезінде ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.