OLX-те «көзге көрінбейтін» қант сатқан алаяқ ұсталды

OLX-те «көзге көрінбейтін» қант сатқан алаяқ ұсталды

OLX-те «көзге көрінбейтін» қант сатқан алаяқ ұсталды
ашық дереккөзі

Алматыда интернет арқылы ақша табуды әдетке айналдырған алаяқ ұсталды. Ол бұл жолы жоқ қантты «бар» деген желеумен сатқан. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің киберқылмыспен күрес бөлімінің басшысы Жандос Сүйінбай мәлімдеді.

«Алматы қаласының полиция қызметкері интернетте елдегі қанттың тапшылығын пайдаланып, алаяқтықпен айналысқан азаматты ұстады. Алаяқ қант бағасын өте төмен бағада көтерме және жекелей сату арқылы OLX-ке хабарландыру жариялаған. Алдын ала жарты ақшасын алған ол жоғалып кеткен», - дейді киберқылмыспен күрес бөлімінің басшысы.