Жаңалықтар

Денис Евсеев Президент кубогінің финалисі атанды

ашық дереккөзі

Денис Евсеев Президент кубогінің финалисі атанды

Ұлттық теннис орталығында дәстүрлі Президент кубогі мәресіне жетті деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚТФ мәлімдеуінше, ерлер арасында челленджер турнирінің финалында алматылық Денис Евсеев әлемнің 151-інші, жарыстың 1-ракеткасы, ресейлік Роман Сафиуллинмен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда қазақстандық теннисші айқын басымдылық көрсетті - 6:2. Екінші сетте Р.Сафиуллин есе қайырды - 6:4. Үшінші, шешуші партияда ресейлік спортшы тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:2). Еске салсақ, бұған дейін теннисші Евсеевтің Президент кубогінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.