Президент кубогі: теннисші Денис Евсеев финалға өтті

Президент кубогі: теннисші Денис Евсеев финалға өтті

Президент кубогі: теннисші Денис Евсеев финалға өтті
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласында ерлер мен әйелдер арасында Президент кубогінің финалына шыққан теннисшілер анықталды деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстан теннис федерациясы Денис Евсеев өзінің спорттық жолында алғаш рет челленджер турнирінің финалына жолдама алғанын жазды. Евсеев жартылай финалда отандасы Бейбіт Жукаевты 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Әр партияда Денис бір-бірден брейк жасады. Енді жексенбі күні финалда жарыстың бірінші ракеткасы, ресейлік Роман Сафиуллинмен бас жүлдені сарапқа салады. Р.Сафиуллин жартылай финалда тағы бір қазақстандық Дмитрий Попкодан айласын асырды. Есеп – 6:3, 6:2. Айта кетсек, Президент кубогі аясында әйелдер арасында ITF M60 додасында соңғы бәсекеде жапониялық Моюка Учиджима мен сербиялық Наталья Стефанович кездеседі.