Самұрық-Қазына қорының миссиясы қайта қаралады

Самұрық-Қазына қорының миссиясы қайта қаралады

Самұрық-Қазына қорының миссиясы қайта қаралады
ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан сынынан кейін «Самұрық-Қазына» қорының миссиясы қайта қаралатын болды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Үкімет отырысында мәлімдеді.

 «Квазимемлекеттік сектордың рөлін қайта қарау шеңберінде мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіру және «Самұрық-Қазына» қорын реформалау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы бағыт бойынша мемлекет қатысуының нақты өлшемі квазимемлекеттік сектор субьектілерінің жаңа сыныптамасы, сондай-ақ корпоративтік басқарудың жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен модельдері айқындалады», – деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, «Самұрық-Қазына» бұдан былай жеке инвестицияларды тартуға көбірек көңіл бөлуге тиіс.
«Самұрық-Қазына» қорының миссиясы - жеке инвестицияларды тарту. Сондай-ақ ортақ инвестицияларға баса назар аудара отырып, қайта қаралатын болады»,  – деді вице-министр.
Еске салсақ, кеше өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорының жұмысын сынға алған еді.