Жаңалықтар

Елордада 2 жасар сәбиді құтқарған бозбалаға 3 бөлмелі пәтер берілді

ашық дереккөзі

Елордада 2 жасар сәбиді құтқарған бозбалаға 3 бөлмелі пәтер берілді

Нұр-Сұлтан қаласындағы көпқабатты үйдің терезесінен құлағалы тұрған баланы аман алып қалған 17 жастағы Есдәулет Дәуітбековке пәтер берілді деп хабарлады turkystan.kz. Пәтерді «G-Park» құрылыс компаниясы сыйлаған. «Бізді бүгін G-Park компаниясы шақырды. 3 бөлмелі пәтер берді. Ертеңнен бастап құжаттарды рәсімдейміз деді. Ал біздің дәл қазіргі тұрып жатқан үйімізді ипотекаға алғанбыз», - деді Есдәулет Дәуітбеков ҚазАқпарат тілшісіне. Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов  елордалық мектеп түлегі Есдәулет Дәуітбековке білім грантын табыстағанын жазғанбыз. Айта кетсек, ержүрек жігіттің отбасында 6 бала бар.