Сәрсенбі, 22 Наурыз, 2023

«AMANAT» Нұра су құбырының жөндеу жұмыстарын бақылауға алды

«AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесінің мүшелері Ақмола облысының Егіндікөл ауданына барды. Тұрғындар бұған дейін партияның Атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың азаматтарды жеке қабылдауы кезінде судың жоқтығына шағымданған еді.

«30 жыл бойы су құбырының жиі істен шығуынан зардап шегіп келеміз. Соңғы кездері, тіпті ауыз сусыз қалдық. Партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш білдіргеннен кейін апат салдары жойылды», деді Егіндікөл ауылының тұрғыны Светлана Гурбанова.

«AMANAT» Нұра су құбырының жөндеу жұмыстарын бақылауға алды
Өз кезегінде Экология министрлігі Су ресурстары комитеті бұл мәселені жүйелі шешу үшін 2023 жылы Нұра топтық су құбырын жөндеу жұмыстары басталатынын мәлімдеді. Жақын арада жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмысы басталады.

«AMANAT» Нұра су құбырының жөндеу жұмыстарын бақылауға алды

Егіндікөл ауданына сапары барысында Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Асқарбек Үйсімбаев жергілікті тұрғындарды су құбырын жөндеу бойынша қаражат бөлу мәселесі мен барлық жұмыс барысы партиялықтардың бақылауында болатынына сендірді.

Сондай-ақ, «AMANAT» мобильді бригадасына тұрғындар ұялы байланыстың жоқтығы, аудандық аурухананың асханасына жөндеу жүргізу қажеттілігі және басқа да мәселелер бойынша жүгінді.

«AMANAT» Нұра су құбырының жөндеу жұмыстарын бақылауға алды

Айта кетейік, «Мобильді қоғамдық қабылдаулар» жобасы аясында 4 ай ішінде партиялықтар елімізге 578 ауылды аралап, 5 мыңға жуық азамат қабылдауда болды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button