Жаңалықтар

Алакөлдегі өрт: сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

ашық дереккөзі

Алакөлдегі өрт: сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Абай облысы Үржар ауданында Алакөл жағалауындағы өртке байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды деп хабарлады turkystan.kz. ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 шілде күні 23:20-да Алакөл жағасындағы «Керуен» демалыс базасынан өрт шыққан. Аталған базадағы 2 ғимарат, 1 кір жуатын орын мен 7 саяжай отқа оранды. «Сондай-ақ, тілсіз жау «Әйгерім» демалыс базасында – 4 үйді, «Жібек жолы» базасының аумағында – үй мен моншаны, «Әлихан» базасында 8 ғимарат пен асхананы шарпыды. Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Мамандар өрттің себебін анықтау үшін тиісті жұмыстарға кірісті», - делінген баспасөз хабарламасында. Қазіргі уақытта Алакөлдегі алапат өртке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Еске салсақ, бұған дейін Алакөлдегі демалыс аймағында 3 мың шаршы метрге жайылған өрттен 7 адам зардап шеккенін хабарлаған болатынбыз.