Димаш Германия жұртшылығын тәнті етті

Мюнхен конференциясына қатысушылар Димаштың өнеріне орындарынан тұрып, ұзағынан ду қол шапалақ соқты деп хабарлады turkystan.kz.

DLD – әлемді цифрландыруға өз үлестерін қосуға атсалысатын азаматтар үшін құрылған үлкен халықаралық алаң. Онда саясат, ғылым, мәдениет және өнер саласындағы танымал визионерлер өз тәжірибесімен бөліседі. Конференцияға бірнеше жыл бойы қатарынан келе жатқан спикерлердің арасында Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг, әнші Леди Гага, Microsoft компаниясының бас директоры Сатья Наделла, Twitter-дің негізін қалаушы Джек Дорси, iPhone өнертапқышы Тони Фаделл және басқа да белгілі тұлғалар қатысады.

Сондай-ақ шараға танымал музыкалық орындаушылар шақырылады. Mobilium Global компаниясының бас директоры Ральф Саймон бұл жолғы конференцияға Қазақстан әншісі Димаш Құдайбергенді шақыруды ұсынған.

Биыл DLD-дің басты сахнасында алғаш рет қазақ халық аспаптары шырқалды. Димаш Олжас Құрманбектің қобызбен сүйемелдеуімен «S. O. S» және «Stranger» әндерін орындады.

Сондай-ақ Mobilium Global бас директоры жұртшылық домбыра мен қобыздың таңғажайып үніне қайран қалғанын атап өтті.

«Менің ойымша, бұл Димаштың нағыз триумфы болды. Димаштың өнерін тамашалау үшін Берлиннен Мюнхенге арнайы ұшып келген көрермендер болды», – деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button