Жаңалықтар

«Мен сендерді Путинге айтамын!»: қазақтардың өздері қазақ сыныбына қарсы шықты

«Мен сендерді Путинге айтамын!»: қазақтардың өздері қазақ сыныбына қарсы шықты

Белгілі педагог Аятжан Ахметжанұлы Facebook-тегі парақшасында астанадағы №93 мектеп оқушыларының ата-аналары қазақ сыныбына қарсы шыққанын айтты деп хабарлады turkystan.kz.

Оның жазбасын журналист Мақсат Толықбай Instagram-дағы парақшасында іліп әкетіп, мектепте айтылған әңгімені бір ауыз сөзбен жеткізген. Кездесуде қазақ класының ашылуына қарсы шыққан азаматтың бірі: «Мен сендерді Путинге айтамын!», деп Аятжан Ахметжанұлына айтқан көрінеді. Ал педагогтың жазбасында жиналыста көтерілген мәселе туралы:

Осы мәселеге байланысты мәдениеттанушы, математик Серік Ерғали да үн қосып, өзінің Facebook-тегі парақшасында ойларын айтты. Ол №93 мектептің тағдыры көкпарға түсіп, тіл мәселесі майданға айналып кеткенін, оншақты қазақ келіншегінің зиялы қауымға, Парламент Мәжілісінің депутаттарына қарамай, өздерінің құқықтарын алға салып, орыс сыныбын ашуды талап еткенін атап өтті.

Одан кейін ол соңғы 30 жылда бетімен кеткен білім саласын айыптап, бүгінгі оқиғаны Парламентте майшаммен қарау керектігін, әйтпесе бетімізден алғандар қақыларын айтып қақылдай беретінін  жеткізді.  width= Тағы оқи отырыңыз: «Қазақ мектебі ашылса қуанамыз»: орыс қызы флэшмоб жолдады