«Қазақ мектебі ашылса қуанамыз»: орыс қызы флэшмоб жолдады

«Қазақ мектебі ашылса қуанамыз»: орыс қызы флэшмоб жолдады

«Қазақ мектебі ашылса қуанамыз»: орыс қызы флэшмоб жолдады
ашық дереккөзі
Қазақстандық Александра Мыскина әлеуметтік желіде «Қазақстан – менің Жерұйығым» флэшмобын жолдады деп хабарлады turkystan.kz. Ол отандастарымызға үндеу жолдап, еліміздегі бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты сақтау үшін ақпараттық соғысты болдырмау керектігін  айтты.
«Қазақстанның орыстары! Біздің Қазақстанда ашық аспан астында көптеген халықтар тұрып жатыр. Сіздер де солардың бірісіздер. Сондықтан бәріміз үшін еліміздегі бейбітшілікті сақтау маңызды. Қазақстан – біздің ортақ Отанымыз, Жерұйығымыз! Біреулердің бізді кімнен құтқарғысы келетінін түсінбеймін. Біз - ұлы қазақ халқының жақсылығын көріп, құшағында өскен ұлттардың біріміз. Қазақстандық орыстардың қазақ тілін үйренуге ниеті бар. Өйткені, біз қазақтарды шын жүрегімізбен жақсы көреміз, сыйлаймыз. Елімізде жаңа мектептің ашылғанын қолдаймыз. Бізге қазақ мектептері ашылса, кері әсер етпейді. Керісінше, Ыбырай Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық» деп айтқандай, әрбір қазақ баласының білім ордасының табалдырығын аттағанына қуанамыз. Біз балалардың бейбітшілікте өмір сүргенін қалаймыз. Сондықтан бүгіннен бастап мен «Қазақстан – менің Жерұйығым» флешмобын жолдаймын!» - деді ол.
Флэшмоб таңертеңнен бері әлеуметтік желіде тарап жатыр.