«Головкиннен қашып жүрдің»: менеджер «Канелоны» «қорқақ» деп атады
«Головкиннен қашып жүрдің»: менеджер «Канелоны» «қорқақ» деп атады
UFC чемпионы Камару Усманның (20-1) менеджері Али Абдель-Азиз мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альваресті (57-1-2, 39 КО) қатты сөкті деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz-ке сілтеме жасап.
«Канело» – нағыз қорқақ. Ол Instagram желісінде 5000 жазылушысы бар жігіттермен айқасып жүр. Ал олар мұра қалдыру үшін пайдасыз. Ол Камару Усман секілді жігіттен жеңілуге неге қорқатынын түсіндім. Бұл қоян жүректердің стилі, қауіп жоқ – марапат та жоқ.
Сен және Усман арасында қандай айырмашылық барын білесің бе? Сен Головкинмен жұдырықтасудан екі жыл қашып жүрдің. Ал Камару UFC-де қарсы қойғандардың бәрімен айқасты. Қазір Рамазан айы болғандықтан, бұл жай айтып тұрғаным», – дейді менеджер.
Тағы оқи отырыңыз: Америкалық басылым «Канелоның» өтірігін ашты