Америкалық басылым «Канелоның» өтірігін ашты

Америкалық басылым «Канелоның» өтірігін ашты

Америкалық басылым «Канелоның» өтірігін ашты
ашық дереккөзі
Сауль «Канело» Альварестің қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жегі алдында өтірігі белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz. Вoxing247.com мәліметінше, мексикалық боксшы осы уақытқа дейін жанкүйерлеріне өтірік айтып келген. «Канело» 7 мамырда Дмитрий Биволмен, күзде Головкинмен жұдырықтасуға келісімшарт жасасқан. Екеуімен жекпе-жекке түсу оған 100 миллион доллар көлемінде табыс әкеледі екен. Осы орайда, басылым Альварестің бір мәлімдемесіне қатысты сыни мақала жариялады.
«Альварес 2018 жылдан бері өзі қалап жүрген айқасқа биыл ғана қол жеткізді. Енді осы жекпе-жектерге «Тек жанкүйерлерім үшін қатысамын» деуі ақылға қонымсыз емес пе?! Негізгі себеп ақша емес пе дегей ой келеді. Ал Головкиннің «Канеломен» арадағы текетірес «жеке басқа қатысты» дегеніне спортсүйер қауым тіптен таңқалып жатыр. Себебі мұндай шешуші айқасты өткізуге 4 жыл қажет болды. Өш алғысы келген адам осынша күте ме? Кейбір жанкүйерлер «Канело» Головкинге екі мәселе бойынша ренжулі деп отыр. Біріншіден, оның жеңісін Геннадийдің ақысын жеу дегеніне. Екіншіден, Сауль допинг дауына іліккенде қазақстандық боксшы оның сиыр етіне қатысты болғанын тексермей жатып пікір білдірді» деп жазылған басылымда.
Тағы оқи отырыңыз: Головкин «Канело» үшін чемпиондық белбеуінен айырылуы мүмкін