«Украинадан шетелге 8,3 млн адам бас сауғалап баруы мүмкін» – БҰҰ
«Украинадан шетелге 8,3 млн адам бас сауғалап баруы мүмкін» – БҰҰ
Биыл жыл соңына дейін Украинадан шетелге бас сауғалап қашқан босқындар саны 8 миллион 300 мыңға жетуі мүмкін деп хабарлады turkystan.kz.
БҰҰ-ның Босқындар жөніндегі агенттігі осындай болжам жасады.
Ресми дерек бойынша, соғыс басталғалы бері Украинадан 12 миллион 700 мың адам баспанасын тастап қашқан. Олардың 5 миллионы өзге мемлекетке бас сауғалап кетсе, қалған 8 миллионға жуық тұрғын өз елінде ішкі босқынға айналған. Тыныш жер іздеп жүрген олардың 90 пайызы - әйелдер мен балалар. 13 миллион тұрғын қақтығыс аудандарында қалып қойған.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын ЮНИСЕФ миллиондаған украин баласы аш қалуы мүмкін деп дабыл қаққан болатын.