Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін
Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін
Мәнерлеп сырғанаушы Алина Загитованы жоғары оқу орнынан шығаруы мүмкін. Себебі олимпиада чемпионы соңғы кездері сабаққа бармаған деп хабарлады turkystan.kz.
Ресейлік спортшы қыз 2020 жылы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясына оқуға түскен. Пандемия кезінде сабақ онлайн форматта өткізілгендіктен, ол оқу орнына бармаған. Ал енді коронавирустың таралуы бәсеңдеген кезде студенттер ЖОО-ға күн сайын баруға міндетті болған.
Сондықтан Загитованың дәрістерге келмегеніне оның кураторы ауызша ескерту жасаған. Олимпиада чемпионына апта соңына дейін бұл мәселені шешуге уақыт берілген. Егер Загитова сабаққа қатыспаған күндері үшін қажетті құжаттарды оқу орнына тапсырмаса, оқудан шығарылады.
Еске сала кетсек, Алина Загитова – 2018 жылы Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарында жеке мәнерлеп сырғанау бойынша үздік өнер көрсетіп, алтын медаль иегері атанған.
Тағы оқи отырыңыз: «Папаға Азия чемпионы болсаң да бәрібір»: Мәдина Бақбергенова сиыр сауып жүр (ВИДЕО)