«Қолдан жасалған коррупциялық монополия бұзылып жатыр» – Ерлан Саиров
«Қолдан жасалған коррупциялық монополия бұзылып жатыр» – Ерлан Саиров
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров «банк саласындағы былықтарды ашып, «демонополия жасау керек» деп отыр. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
Оның айтуынша, қазіргідей жағдайда Қазақстанның экономикасын дамыту үшін жемқорлықты жойып, мұнай-газ салаларын тазалау қажет.
«Коррупциямен жүйелі күрес басталды. Экономиканың бітеуі «тромп» болып тұрып қалған, қолдан жасалған коррупциялық монополия бұзылып жатыр. Темір жол, Қазақтелеком, РОП, Достық станциясы, Алтын орда базары, түрлі қаражат пирамидалары, мұнай мен газ, тағы басқа салаларды жаппай тазарту басталды. Тазарту ғана емес, мемлекетке, халыққа «упущенная выгода» қайтарылуы керек. Ол ондаған миллиардтап есептеледі. Банк саласындағы былық ашылып, банктерді де «демонополия» жасау керек», – деді Мәжіліс депутаты.
Еске салсақ, Қазақстандағы қаңтар оқиғасынан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бизнесті монополиялау дұрыс емес. Бизнестің бір қолда болуы мемлекет үшін қауіпті» деген болатын. Содан соң Үкімет басында кадрлық ауыс-түйіс болды. Кейбір шенділер қызметінен босатылды. Тіпті жоғары лауазымды тұлғалар мен бірнеше бизнестің тізгінін ұстаған танымал азаматтар ұсталды. Ұсталғандардың қатарында Кәрім Мәсімов, Қайрат Сатыбалды бар.
Тағы оқи отырыңыз: Тоқаевтың олигархтар байлығын кедей-кепшікке қайтару туралы мақаласы шықты