Тоқаевтың олигархтар байлығын кедей-кепшікке қайтару туралы мақаласы шықты

Тоқаевтың олигархтар байлығын кедей-кепшікке қайтару туралы мақаласы шықты

Тоқаевтың олигархтар байлығын кедей-кепшікке қайтару туралы мақаласы шықты
ашық дереккөзі
Қазақстандағы олигархтардың жинаған мол байлығы мен олардың монополиясы елдің жұмысшылары мен орта тапқа қайтарылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың The National Interest журналында жарық көрген «Еуразиядағы құбылмалы жағдай Қазақстанның дамуын бәсеңдетпейді» атты мақаласында атап өткен деп жазды turkystan.kz.
«Инклюзивті даму тұрақты емес. Сондай-ақ олигархтардың жинаған мол байлығы мен олардың монополиясы елдің жұмысшылары мен орта тапқа қайтарылады. Біздің Үкімет реформаларды дайындағанда азаматтық қоғам мен қоғам пікірін мұқият тыңдады. Экономикалық тұрғыдан алғанда, жүйе бұрынғыдай аз ғана адамның мүддесіне емес, барша адамға жұмыс істеуі тиіс» деп жазды Президент.
Сондай-ақ ол мақалада «Үкімет теңсіздік мәселесін тез арада шешу керектігін біледі» дей келіп, Үкіметке жалақыны көтеру, кедейшілікті азайту туралы тапсырма бергенін атап өткен.