Жаңалықтар

«Мұғалім мектепте небәрі 2 құжат толтырады» – Асхат Аймағамбетов

ашық дереккөзі

«Мұғалім мектепте небәрі 2 құжат толтырады» – Асхат Аймағамбетов

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Жедел желі» бағдарламасында қонақта болып, мұғалімдерді артық құжат толтыруға мәжбүрлейтіндердің жазаға тартылатынын ескертті деп хабарлады turkystan.kz. «Қазір білім ошақтарында ұстаз мектепте небәрі 2 құжат толтырады. Олар: электронды жүйеде оқушыға баға қою және күнделікті сабақ жоспарын әзірлеу. Ал электронды күнделікті қосымша қағаз бетіне басып шығару – заңбұзушылық», – деді министр. Соңғы жылдары мұғалімдерді артық құжат толтыруға итермелеген 700-ден астам басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.  «Әр мектепте педагогикалық этика бойынша кеңестерді құрдық. Бұл – бір. Егер ол педэтика кеңесіне барғысы келмесе, облыстарда Бақылау департаменттері бар, соларға телефон соғып немесе ватсапқа ақпарат беруге болады. Барлық осындай шағымдар бойынша біз міндетті түрде жауапкершілікке тартамыз», – деді Асхат Аймағамбетов. Тағы оқи отырыңыз: Қағазбастылық: Атырауда 57 мектеп пен балабақша директорының орны бос тұр