Мемлекетке 6 млрд теңге шығын келтіргендер сотталды

20 сәуір, 2022 / Алуа Арман
ашық дереккөзі
Мемлекетке 6 млрд теңге шығын келтіргендер сотталды Елордада мемлекетке 6 миллиард теңге шығын келтіргендер сотталды деп хабарлады turkystan.kz. Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, қылмыскерлер заңды рәсімдерді айналып өтіп, бағыныстағы 35 кәсіпорын атынан жалған шот-фактура жазып, ақшаны шешіп алып отырған. Ал іс жүзінде олар ешқандай қызмет көрсетпеген, жұмыстар орындамаған және жүк тиеумен айналыспаған. Сот кінәлі 6 адамға қатысты түрлі мерзімде бас бостандығын айыру жазасын тағайындады. Сотталғандардың барлығы 10 жыл бойы кәсіпкерлік салада басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды. Тағы оқи отырыңыз: Арыстағы 1 тонна жарылғыш зат небәрі 26 мың теңгеге сатылған