Арыстағы 1 тонна жарылғыш зат небәрі 26 мың теңгеге сатылған

Арыстағы 1 тонна жарылғыш зат небәрі 26 мың теңгеге сатылған

Арыстағы 1 тонна жарылғыш зат небәрі 26 мың теңгеге сатылған
ашық дереккөзі
Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери қоймадан 1 тонна жарылғыш зат небәрі 26 мың теңгеге сатылды деп хабарлады turkystan.kz 31 арнаға сілтеме жасап. Сәйкесінше, тротилдің бір келісі 26 теңгеден саудаланған. Әзірге сатып алушының кім екені белгісіз. Бірақ шарт бойынша оның жарылғыш заттарды сақтауға лицензиясы болуы керек және 10 күн ішінде тауарды қоймадан алып кетуі тиіс. Индустриялық және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты «Қазтехнология» АҚ жарылғыш заттарды электронды сауда алаңы арқылы саудаға шығарған. Олардың қатарында тротилден бөлек, түйіршіктелген оқ-дәрілер, металл корпустары мен басқа да жарылғыш зат бөлшектері бар. Жалпы құны 13,5 миллион теңгеге бағаланған. Заң бойынша, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттардың құрамындағы қауіпті заттар алынған соң, оны ары қарай кәдеге жарату үшін сатылымға шығарылады. Сатудан түскен қаржы республикалық бюджетке түседі. Ал кәдеге жарамайтындары өртеледі.