Жаңалықтар

Түркия Иракты бомбалады

ашық дереккөзі

Түркия Иракты бомбалады

Түркия Қорғаныс министрлігі Ирактың солтүстігіндегі Күрдістан жұмысшылар партиясының содырларына қарсы жаңа әскери операцияны бастады деп хабарлады turkystan.kz. ZTB QAZAQSTAN Telegram-арнасының хабарлауынша, «Коготь» арнайы әуе күштері жердегі және әуедегі операцияларға қатысады. Түркияның Қорғаныс министрі Хулуси Акараның айтуынша, ұшақтар баспаналарға, бункерлерге, туннельдерге, үңгірлер мен КЖП-ның қоймаларына соққы жасаған. «Біз 40 жыл бойы елімізге тыныштық бермеген террористік ұйымдардан асыл ұлтымызды құтқаруға бел будық», - деді Хулуси Акара. Тағы оқи отырыңыз: Түркияда Украина мен Ресей арасындағы келіссөз басталды