Түркияда Украина мен Ресей арасындағы келіссөз басталды

Түркияда Украина мен Ресей арасындағы келіссөз басталды

Түркияда Украина мен Ресей арасындағы келіссөз басталды
ашық дереккөзі
Осы сәтте Ыстамбұлда Украина және Ресей делегациялары келіссөзінің төртінші раунды жүріп жатыр деп жазды turkystan.kz. Ресми Анкара кездесудің ақпарат құралдарының қатысуынсыз жабық форматта өтетінін ескертті. Ол Ыстамбұлдағы Долмабахче сарайында өтіп жатыр. Келіссөз өтетін орынға Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанның келгені хабарланды.
«Қақтығыстың жалғасқаны ешкімге тиімді емес. Соғыста жеңімпаздар болмайды», – деді Ердоған Ресей мен Украина өкілдеріне қарата.
Ердоғанның айтуынша, бұл келіссөздер екі мемлекеттің басшылары Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесуіне ықпал етуі мүмкін. Түркия бұл келіссөздерді өз аумағында өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Украиналық бұқаралық ақпарат құралдары да келіссөздердің басталғанын хабарлады.