Алматыда «Za Россию!» концерті өтетіні рас па?

«Алматы әуендері» концерттік ұйымы желіде тараған «Za Россию!» концертінің афишасына қатысты пікір білдіріп, бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыдағы «Алматы әуендері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында «Za Россию» концерті өтетіні туралы хабар тараған болатын. Алайда концерттік мекеме бұл ақпаратты жоққа шығарды

«Әлеуметтік желілерде Ольга Кортункова, Денис Дорохов, Давид Цаллаев және тағы басқа комедианттың қатысуымен «музыкалық-патриоттық марафонның» өткізілуі туралы ақпараттарға қатысты «Алматы әуендері» КМҚК баспасөз қызметі таратылған «Za Россию!» баннер-афишасы жалған екенін хабарлайды. Афиша, күні, жарияланған форматы шындыққа сәйкес келмейді. Ресми афиша мен концерттік бағдарламада ешқандай саяси астар жоқ екенін хабарлаймыз», – делінген ресми хабарламада.

Концерттік ұйымның хабарлауынша, ұйымдастырушымен концерттік залды жалға алу және «Однажды в России» сатиралық шоуын өткізу туралы келісімшарт 2021 жылдың 8 желтоқсанында жасалған.

Концерт қаңтарда өтеді деп жоспарланған және екі рет 2022 жылдың мамырына ауыстырылған. Қазірге дейін ұжым Қазақстанның 8 қаласында, соның ішінде Қарағанды, Петропавл, Қостанай, Павлодар, Өскемен қалаларында өнер көрсетті.

«Однажды в России» – 2014 жылдың 28 қыркүйегінен бері бар және ойын-сауық форматындағы коммерциялық жоба. Қазақстандағы бағдарламаның форматы да тек қана комедиялық болып қала береді.

«Әлеуметтік, ұлттық, рулық, таптық және діни араздықты қоздыруға бағытталған жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының Заңымен қудаланады», – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ концерттік ұйым арандатушылыққа бой алдырмай, ақпаратты тексеріп, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button