Сәресіне ұйықтап қалғанда не істеу керек?

Сәресіне ұйықтап қалғанда не істеу керек?

Сәресіне ұйықтап қалғанда не істеу керек?
ашық дереккөзі

Ислам діні парыз саналатын оразаны қандай қиын жағдайда да қалдырмауды бұйырады деп хабарлады turkystan.kz ҚМДБ-ның ресми сайтына сілтеме жасап. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы Рамазан айында сәресіне ұйықтап қалған адам оянып, бірер нәрсе жеп-ішіп, оразаны ниет етемін десе, ниеті де, сол күні ұстайтын оразасы да дұрыс болмайтынын айтты. Басқарма өкілдерінің айтуынша, Рамазан айында сәресіне ұйықтап қалған адам оянғанда оразаны бұзатын, яғни, жеп-ішу, жыныстық қатынас секілді істерді тоқтатып, осы күннің оразасын тұтуды ниет етуі керек. Тіпті түске дейін ниет етуге болады.

«Рамазан айында сәресіне ұйықтап қалған адам оянғанда оразаны бұзатын, яғни, жеп-ішу, жыныстық қатынас секілді істерді тоқтатып, осы күннің оразасын тұтуды ниет етеді. Тал түске дейін ниет етуге болады», – деп жазылған басқарма сайтында.
Рамазан айында сәресіне ұйықтап қалған адам оянған кезде ешнәрсе жемей, ішпей ораза ұстауды ниет етеді. Әрі қарай оразасын ұстауы міндет болады, – деп қосты басқармадағылар.