Ресей мен Украина қай кезге дейін соғысуы мүмкін?

12 сәуір, 2022 / Алуа Арман
ашық дереккөзі
Ресей мен Украина қай кезге дейін соғысуы мүмкін? Украина Президенті кеңсесінің кеңесшісі  Алексей Арестович Ресеймен соғыстың қашанға дейін жалғасатыны туралы болжам жасады. Ол Ресей мен Украина 7-8 жыл сайын соғысуы мүмкін екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Ресеймен соғыс кезең-кезеңмен 2035 жылға дейін жалғасуы мүмкін. 2-3 жылда бір кішігірім қақтығыстар болуы ықтимал. Ал 7-8 жылда ірі соғыстар болуы мүмкін. Бұл дегеніміз, Израиль-Араб шайқасы секілді сұрапыл. Сондықтан бұл жағдайға кей азаматтар дайын болмаса, өздеріне қолайлы, жылы жаққа кеткені дұрыс. Мәселен, Испанияға. Өз басым отбасымды ешқайда алып кетпеймін. Мен өз жерімде қаламын», – деді Арестович.
Ол бұған дейін Ресейдің соғыс ашатынын айтқан болатын. Тағы оқи отырыңыз: Зеленский тағы да елді елең еткізерлік мәлімдеме жасады